"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің шежірем — менің мақтанышым»

13.04.2026

Наурыз мерекесін атап өту аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін насихаттау және оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Жеті ата» дәстүріне арналған челлендж өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды жеті атаға дейінгі өз тегін білу дәстүрімен таныстыру, шежіреге, отбасы мен халық тарихына құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетіне және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.

Челлендж аясында оқушыларға өз ата-бабалары туралы шағын таныстырылымдар дайындау, отбасы шежіресі жайлы әңгімелеу және мүмкіндігінше жеті атаға дейінгі аталарын атау ұсынылды. Оқушылар отбасылық тарихтарымен бөлісіп, өз отбасындағы дәстүрлер туралы әңгімеледі.

Сабақ барысында оқушылар ру, отбасы туралы мақал-мәтелдерді оқып, шежірені білудің адам өміріндегі маңызын талқылады, сондай-ақ қазақ тілінде шығармашылық тапсырмалар орындады.

«Жеті ата» дәстүрінің мәнін түсіндіруге ерекше назар аударылды. Бұл дәстүр – қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады және ол ата-бабаға құрмет көрсетуге, ру бірлігін сақтауға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелейді.

Өткізілген челлендж оқушылардың өз отбасының тарихына деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық дәстүрлер туралы білімін кеңейтуге, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст