"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы — бақыт пен қолдаудың бастауы»

13.04.2026

17 Наурыз – «Шаңырақ күні».

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында, Наурыз мерекесін атап өту жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отбасы – бақыттың бастауы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, осы күнге орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларда отбасыға деген құрметті қалыптастыру, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын ұғындыру, жақын адамдарға деген жауапкершілік, сүйіспеншілік және қамқорлық сезімдерін дамыту.

Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілері оқушылармен отбасының адам өміріндегі рөлі, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік, қолдау мен құрметтің маңыздылығы, отбасының бақытты болуының негіздері туралы әңгімелер жүргізді.

Жұмыс түрлері: талқылау, шағын пікірталастар, тақырыптық презентацияларды қарау, шығармашылық тапсырмалар және «отбасылық құндылықтар ағашын» құрастыру.

Оқушылардың ата-аналарға, аға буынға деген құрметін қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың отбасының маңыздылығын түсінуіне, ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының рөлін арттыруға ықпал етті.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст