Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін тәрбиелеу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы «Зиянсыз тамақтану» және «Зиянды әдеттерге ЖОҚ де!» атты тақырыптық іс-шаралар өткізді.
«Зиянсыз тамақтану» іс-шарасы аясында оқушылармен дұрыс және теңгерімді тамақтану қағидалары туралы танымдық әңгіме жүргізілді. Білім алушылар салауатты тамақтану негіздерімен танысып, көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, дәнді дақылдардың пайдасы және тамақтану тәртібін сақтау қажеттілігі туралы білді. Сондай-ақ фастфуд өнімдерінің, газдалған сусындардың және қант мөлшері жоғары тағамдардың адам денсаулығына әсері талқыланды.
Оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Зиянды әдеттерге ЖОҚ де!» атты тақырыптық сабақ өткізілді. Әңгіме барысында оқушылар темекі шегудің, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың және басқа да қауіпті тәуелділіктердің адам денсаулығына зияны туралы ақпаратпен танысты. Балалардың саналы таңдау жасау дағдыларын қалыптастыруға және қоршаған ортаның теріс ықпалына қарсы тұра білу қабілетін дамытуға ерекше назар аударылды. Оқушылар өмірлік жағдайларды талқылап, зиянды ұсыныстарға «жоқ» деп айта білу маңызды екенін айтып, денсаулықты сақтау және белсенді өмір салтын ұстану туралы өз ойларымен бөлісті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың салауатты тамақтану қағидалары және зиянды әдеттердің жағымсыз салдары туралы ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi