Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Серікболат Н. «Азаматтық қоғам және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты құқық сағатын өткізді.
Мақсаты: білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, азаматтық жауапкершілікті және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Міндеттері: оқушылардың «сыбайлас жемқорлық» ұғымы және оның қоғамға тигізетін салдары туралы білімдерін кеңейту; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелерімен таныстыру; адалдық, әділдік және принципшілдік қасиеттерін тәрбиелеу; белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
Әңгіме барысында: оқушылар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерімен танысты; сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының түрлері, жауапкершілік шаралары және бұл құбылысқа қарсы күрестегі мемлекеттік органдардың рөлі қарастырылды; сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері, оның елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсері, сондай-ақ адал әрі ашық ортаны қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды; тұрмыстық сыбайлас жемқорлық жағдайларының мысалдары қарастырылып, олардың құқықтық салдары мен алдын алу жолдары анықталды.
Өткізілген құқық сағаты оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, белсенді азаматтық ұстанымды және Қазақстан Республикасының заңнамасына құрметті қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА