"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу»

10.04.2026

Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларының Жолымбет кентінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Самбетов Ж.Д.-мен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Темекі шегу – денсаулыққа зиян» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қойылған мақсаттар мен міндеттер: оқушылардың темекі шегудің адам денсаулығына зияны туралы хабардарлығын арттыру; темекі шегуге деген теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру; темекі шегудің жалпы денсаулыққа әсері туралы түсінік беру; зиянды әдеттерге қатысты саналы шешім қабылдау дағдыларын дамыту; темекіден бас тарту әдістері мен қолдау ресурстары туралы ақпарат беру.

Әңгіме барысында келесі мәселелер қарастырылды: тақырыптың өзектілігі, жасөспірімдер арасындағы темекі шегу бойынша статистика; никотин мен басқа да заттардың ағзаға әсері, пассивті шегудің салдары, темекі шегудің созылмалы аурулардың дамуына ықпалы; талқылау және сұрақ-жауап – оқушылардың сұрақтарына жауап беру, темекі туралы мифтерді талдау; қорытынды және ұсынымдар – салауатты өмір салтын ұстануға мотивация беру, қатарластары арасында темекі шегудің алдын алу бойынша кеңестер.

«Темекі шегу – денсаулыққа зиян» атты әңгіме сәтті өтті. Жоғары сынып оқушылары темекі шегудің жағымсыз салдарын түсініп, зиянды әдеттердің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар алды.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение текст

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст