"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық мәдениетті дәстүр мен шығармашылық арқылы сақтау»

10.04.2026

16 Наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Ұлттық мәдениетті сақтау және насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақ халқының дәстүрлеріне құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық қолөнер мен халық өнеріне арналған «Шебер қолдар», «Бес аспап», «Алтын оймақ» іс-шаралары өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды ұлттық мәдени мұрамен таныстыру, сәндік-қолданбалы өнер саласында практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру.

Іс-шаралар барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі қолөнерімен танысып, түрлі шеберлік сыныптары мен шығармашылық жұмыстарға қатысты. Әсіресе ұлттық тағамдарды дайындау, кесте тігу, ұлттық ою-өрнектер жасау және ұлттық тақырыпта сурет салу сияқты бағыттарға ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар түрлі бұйымдар жасап, қазақ ою-өрнегінің элементтерімен танысып, оларды өз жұмыстарында қолдануды үйренді. Сонымен қатар кесте тігудің негіздерін, ұлттық өрнек элементтерін меңгеріп, көркем сурет және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық бағыттарда өз қабілеттерін көрсетті.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың еңбек дағдыларын, шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын дамытуға және ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген құрметін нығайтуға ықпал етті.

#Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы #Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Просмотров: 69


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст