02.04.2026
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру аясында, оқушыларда еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру, кәсіби бағдар беру дағдыларын дамыту және болашақ мамандықты саналы түрде таңдау мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдарлау мамандары «Білім деңгейі және мамандық таңдау» және «Кәсіби таңдау стратегиясы» тақырыбында кәсіби бағдарлау сағаттарын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға білім деңгейі мен кәсіби болашақ арасындағы байланысты көрсету, мамандық таңдауға саналы тәсіл қалыптастыру, әртүрлі еңбек қызмет түрлеріне қызығушылықты дамыту.
«Білім деңгейі және мамандық таңдау» іс-шарасы барысында оқушылар орта, арнаулы орта және жоғары білім деңгейлерімен танысты. Оқушыларға білім деңгейінің кәсіби мүмкіндіктерге, мансаптық өсуге және жеке тұлғаның дамуына қалай әсер ететіні туралы ақпарат берілді.
«Кәсіби таңдау стратегиясы» іс-шарасы аясында оқушылар пікірталас-сұхбатқа қатысып, болашақ мамандықты таңдаудың негізгі қадамдары қарастырылды: өз мүдделері мен қабілеттерін анықтау, еңбек нарығын зерттеу, қажетті білім мен кәсіби дағдыларды алу. Арнайы назар табысты кәсіби қызметтің көп жағдайда еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және білімге ұмтылуға байланысты екендігін түсіндіруге аударылды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi