02.04.2026
«Шабыт» жобасын жүзеге асыру аясында, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту және мәдени мұраны насихаттау мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлттық мәдениет» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларда қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың ұлттық дәстүрлеріне, мәдениетіне және тарихи мұрасына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.
Міндеттері: оқушылардың дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және мәдени құндылықтар туралы білімін кеңейту; қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту; патриотизм және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау.
Көрмеде бірнеше тақырыптық бөлімдер қамтылды:
Сонымен қатар, заманауи қоғамдағы мәдени дәстүрлердің маңыздылығы туралы әңгімелер өткізілді.
Нәтижелері: оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығы артты; тарихи мұраға құрметпен қарау қалыптасты; оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамыды; патриотизм және азаматтық сананы нығайтты.
«Шабыт» жобасы аясында өткізілген көрме оқушылардың рухани байып, ұлттық сананы қалыптастыруға және мәдени дәстүрлерді сақтауына ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi