"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап біріктіреді: оқы және бөліс»

02.04.2026

«Балалар кітапханасы» мектеп жобасы аясында, білім алушылар арасында оқу мәдениетін дамыту және кітапты насихаттау мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары «Кітаптар айналымы» акциясын өткізді.

Мақсаты: оқуға тұрақты қызығушылық қалыптастыру, кітап алмасу мәдениетін дамыту және баспа өнімдеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Міндеттері: көркем және танымдық әдебиеттерді насихаттау; оқушылардың оқу белсенділігін арттыру; кітаптарды жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын қалыптастыру; мектеп оқушылары арасында еркін кітап алмасуға жағдай жасау.

Акция мектеп кітапханасы базасында бір апта бойы өтті. «Кітапты ал – әрі қарай бер» атты арнайы стенд ұйымдастырылып, онда оқушылар оқыған кітаптарымен алмасу мүмкіндігіне ие болды. Білім алушылар мен педагогтер жеке кітапханаларынан кітаптар әкеліп, алмасуға қатысты. Оқушылар акцияға белсенді қатысып, қызықты шығармаларды таңдап оқып, өз кітаптарын басқаларға ұсынды.

Акция аясында шағын презентациялар ұйымдастырылып, онда оқушылар оқыған шығармалары туралы әсерлерімен бөлісті, сүйікті авторлары мен кейіпкерлері жайлы әңгімеледі. Кітапханашылар «Кітап – білім көзі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырып, кітаптарды ұқыпты пайдалану ережелері бойынша жадынамалар дайындады.

«Кітаптар айналымы» акциясы мектеп ортасында оқуды насихаттауға және кітап алмасу мәдениетін дамытуға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, ой-өрісін кеңейтеді және тұлғаның рухани дамуына әсер етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение книга и текст
Возможно, это изображение книга, газетный киоск и текст
 
 
Просмотров: 35


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст