"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туберкулез туралы біл — денсаулығыңды сақта»

02.04.2026

Білім алушылардың туберкулез туралы хабардарлық деңгейін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, профилактикалық жұмыс аясында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Туберкулез туралы бәрін біл!» тақырыбында диктанттар өткізілді.

Міндеттері: оқушылардың туберкулездің пайда болу себептері мен жұғу жолдары туралы білімдерін кеңейту; аурудың алдын алу және ерте анықтау шаралары туралы ақпаратты бекіту; білім алушылардың санитарлық сауаттылығын арттыру.

Диктант мәтінінде келесі мәселелер қамтылды: туберкулез дегеніміз не және оның қоздырғышы (туберкулез микобактериясы); инфекцияның негізгі берілу жолдары (ауа-тамшы жолы); аурудың белгілері; БЦЖ вакцинасының маңызы; жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден өтудің қажеттілігі; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының туберкулезді ерте анықтау және алдын алу жөніндегі ұсыныстары.

Диктант өткізу туберкулездің алдын алу шаралары туралы білімді бекітуге және білім алушылардың жалпы хабардарлығын арттыруға ықпал етті. Профилактикалық диктант білім алушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырудың тиімді түрі болып табылады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_mВозможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст "用 E 排 HITKO ነልልን"

Просмотров: 36


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст