"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жер сағаты: табиғатты бірге сақтайық»

02.04.2026

«Қамқор» мектеп жобасын жүзеге асыру аясында, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік Жер күніне орай ұйымдастырылған «Жер сағаты» экологиялық акциясына арналған іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелеріне назар аударту.

Міндеттері: оқушылардың заманауи экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту; туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу; экологиялық сауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың табиғатты қорғау қызметіне қатысу белсенділігін арттыру.

«Жер сағаты» акциясының тарихы мен маңызына, сондай-ақ климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне арналған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, әңгімелесу барысында күнделікті өмірде электр энергиясы мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылды.

Нәтижелері: білім алушылардың экологиялық сауаттылығы артты; қоршаған орта мәселелеріне саналы көзқарас қалыптасты; оқушылардың табиғатты қорғау қызметіне қатысуы белсендірілді; экологиялық тәрбие мәселелері бойынша мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық нығайтылды.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікпен қарауына және табиғатты сақтауға жеке үлес қосуға ұмтылысын дамытуға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение телефон, цифровой электропроигрыватель и текст
Возможно, это изображение цифровой электропроигрыватель, телефон и текст
 
 
Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст