8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде мерекелік іс-шаралар мен концерттер өткізілуде.
Қойылған міндеттер: Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаны ұйымдастыру; оқушыларды шығармашылық нөмірлер дайындауға тарту; білім алушылардың бастамашылдығы мен таланттарын көрсетуге жағдай жасау.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар тарапынан құттықтаулар ұйымдастырылды; вокалдық нөмірлер, би қойылымдары, театрландырылған көріністер мен әзіл-сықақ миниатюралар көрсетілді; мектептің әйелдер ұжымына, оқушы қыздарға, аналар мен әжелерге алғыс хаттар мен құттықтау ашықхаттары табысталды.
Дайындық барысында шығармашылық нөмірлерге репетициялар өткізілді, акт залы безендірілді, музыкалық сүйемелдеу мен техникалық жабдықтар әзірленді. Жоғары сынып оқушылары Өзін-өзі басқару күніне үлкен жауапкершілікпен дайындалды.
Мерекелік концертке педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Құттықтау сөзбен мектеп директоры Мусина Г.К. және ер азамат әріптестер сөз сөйледі.
Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурызға арналған мерекелік концерт ұйымдасқан түрде, жоғары деңгейде өтті. Мереке оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мектеп ұжымын нығайтуға және дәстүрлерді сақтауға ықпал етті.
Барша аруларды шын жүректен құттықтаймыз, әрдайым сүйікті болуларыңызға тілектеспіз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi