02.04.2026
«Шабыт» жобасы аясында, сондай-ақ Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесін атап өту қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде аналарға деген құрмет, сүйіспеншілік және алғыс сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған «Ана алақаны» челленджі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларда аналарға деген алғыс пен құрмет сезімін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар өздерінің сүйіспеншілігі мен алғысын білдіріп, шағын бейнеқұттықтаулар дайындады.
Челленджді өткізу отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ата-аналарға деген құрметті арттыруға және мектеп ұжымында мерекелік көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi