"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көктем, сұлулық және шабыт мерекесі»

02.04.2026

Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесін атап өту қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде сыныптан тыс іс-шаралар мен мерекелік концерттер өткізілуде.

Іс-шаралардың мақсаты: адамзаттың әсем жартысына деген құрмет пен ілтипатты тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; мерекелік көңіл күй қалыптастыру және мектеп дәстүрлерін нығайту.

Іс-шаралар барысында педагогтердің, оқушылардың, ата-аналардың құттықтау сөздері айтылып, вокалдық нөмірлер, би қойылымдары ұсынылды, сондай-ақ алғыс хаттар мен құттықтау ашықхаттары табысталды.

Бастауыш сыныптарда Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурызға арналған мерекелік концерт жоғары деңгейде, ұйымдасқан түрде өтті. Мерекелік концертке аналар мен әжелер шақырылды. Осы күндері мектепте мерекелік әрі жылы атмосфера орнап, оқушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық белсенділігін көрсетті.

#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi

 
 
 
Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст