"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Гигиена — денсаулықтың негізі»

31.03.2026

2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Қазақстанда «Иә! Біз туберкулёзді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновациялар және халықтың күшімен!» ұранымен Дүниежүзілік туберкулёзге қарсы күрес күніне орай туберкулёздің алдын алу айлығы өткізілуде.

Айлық аясында әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің тәлімгерлері «Гигиена – денсаулық кепілі» атты сурет байқауын өткізді.

Мақсаты: білім алушылардың жеке гигиенаға саналы көзқарасын қалыптастыру, оны жұқпалы аурулардың, соның ішінде туберкулёздің алдын алуда маңызды фактор ретінде түсіндіру.

Міндеттері: білім алушылардың туберкулёздің алдын алу шаралары туралы білімдерін кеңейту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікке тәрбиелеу; салауатты өмір салтын насихаттау.

Оқушылар қызығушылық танытып, шығармашылық белсенділік көрсетті және әртүрлі тақырыпта суреттер ұсынды: «Жеке гигиена»; «Тазалық – аурудан қорғаныс»; «Салауатты өмір салты»; «Туберкулёздің алдын алу». Барлық жұмыстар грамоталармен марапатталды.

Өткізілген іс-шара оқушылардың туберкулёздің алдын алу туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

 
Возможно, это иллюстрация (текст)
 
Просмотров: 56


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст