"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көктем, сұлулық және шабыт мерекесі»

31.03.2026

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде сыныптан тыс іс-шаралар мен мерекелік концерттер өткізілуде.

Іс-шаралардың мақсаты: адамзаттың әдемі жартысына құрметпен және ілтипатпен қарауға тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; мерекелік көңіл-күй қалыптастыру және мектеп дәстүрлерін нығайту.

Іс-шаралар барысында мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың құттықтау сөздері айтылды. Сонымен қатар вокалдық нөмірлер, би қойылымдары ұсынылып, алғыс хаттар мен құттықтау ашықхаттары табысталды.

Бастауыш сыныптарда Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға арналған мерекелік концерт жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтті. Мерекелік концертке аналар мен әжелер шақырылды.

Бұл күндері мектепте мерекелік әрі жылы шырайлы атмосфера қалыптасып, оқушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін және шығармашылық белсенділігін көрсетті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение учеба и текст
Просмотров: 57


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст