20.03.2026
Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері (ООП) бар топтарында жағымды өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, өзін-өзі тану дағдыларын дамыту және өз даралығын қабылдауға үйрету, әлеуметтенуіне ықпал ету және сыныптастарымен өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің педагог-психологы «Сәлем, даралық! немесе мен басқалардан несімен ерекшеленемін» тақырыбында тренинг өткізді.
Қойылған міндеттер: балаларға өздерінің бірегей қасиеттері мен күшті жақтарын түсінуге көмектесу; топта өз ойы мен сезімін білдіру дағдыларын дамыту; басқа балалармен қарым-қатынас барысында мазасыздық деңгейін төмендету; басқа балалардың жеке ерекшеліктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Қолданылған әдістер: ойын және шығармашылық тапсырмалар; топтық талқылау және қолдаушы кері байланыс; психолог пен педагогтардың жеке қолдауы; ақпаратты қабылдауға арналған көрнекі және визуалды материалдар.
Іс-шара барысында: қатысушылардың бір-бірімен танысуы, жайлы және қауіпсіз атмосфера қалыптастыру; «Менің суперқабілетім» ойыны – әр қатысушы өзін өзгелерден ерекшелендіретін қасиеттері мен қабілеттерін атады; «Менің даралық портретім» шығармашылық тапсырмасы – әр баланың жеке ерекшеліктерін бейнелейтін сурет салу немесе коллаж жасау; топтық талқылау – әсер алмасу, жағымды кері байланыс беру; рефлексия және қорытындылау – сабақ нәтижелерін шығару, әр адамның даралығының құндылығын бекіту жұмыстары жүргізілді.
«Сәлем, даралық! немесе мен басқалардан несімен ерекшеленемін» тренингі өз мақсатына сәтті жетті. Білім алушылар өздерінің бірегейлігін оң қабылдауды нығайтып, топта қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытты.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi