"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өміршеңдік пен жауапкершілік: тұлғалық дамуға апарар жол»

20.03.2026

«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Өміршеңдік ресурстары» / «Шығармашылық – өміршеңдікті дамытудың ресурсы», «Өзіңе және өзгелерге жауапкершілік» / «Өзің үшін де, өзгелер үшін де жауап береміз» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – қатысушылардың жеке өміршеңдік ресурстарын шығармашылық және психологиялық тәжірибелер арқылы дамыту; жеке және ұжымдық жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, өз әрекеттерінің өзіне және айналасындағыларға әсерін бағалай білуге үйрету.

Іс-шара барысында келесі мәселелер қарастырылды: өміршеңдік ұғымы және оның адам өміріндегі маңызы; өміршеңдік ресурстарының түрлері: эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік; шығармашылықтың қиындықтарды жеңуге көмектесуі; жауапкершілік ұғымы, оның түрлері, қабылданған шешімдердің айналаға әсері.

Қолданылған әдістер: практикалық жаттығулар – сурет салу арқылы өзін-өзі білдіру, рөлдік ойындар және күрделі жағдайларда шешім қабылдауға арналған кейстер; топтық жұмыс – күйзеліске төзімділікті талап ететін жағдаяттарды бірлесе шешу; топтық талқылау – өмірлік мысалдарды талдау және мінез-құлық үлгілерін қарастыру; қорытынды тапсырма – өзіне және ұжымға жауапкершілікті нығайтуға арналған жеке іс-әрекет жоспарын құрастыру.

Іс-шаралар қатысушылардың өміршеңдігін, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға ықпал етті. Практикалық және интерактивті әдістер алынған білім мен дағдыларды тиімді бекітуге мүмкіндік берді. Білім алушылар жеке және әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын меңгеріп, топта жұмыс істеу және өзгелердің мүдделерін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын дамытты.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

 
Возможно, это изображение учеба и текст
Возможно, это изображение учеба и текст
Возможно, это изображение учеба
 
Просмотров: 51


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст