19.03.2026
Оқушылардың цифрлық ортадағы тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру, интернетте қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және жеке ақпаратты қорғаудың практикалық әдістерімен таныстыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» / «Цифровая безопасность в онлайн-среде» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар назарына ұсынылды:
тақырыптың өзектілігі мен іс-шараның мақсаттары бойынша қысқаша шолу;
«Цифрлық қауіпсіздіктің негіздері» презентациясы – парольдерді қауіпсіз пайдалану, фишинг шабуылдары, зиянды бағдарламалар және жеке деректерді қорғау туралы ақпарат;
«Қауіпсіз интернет» – киберқатерлердің нақты кейстерін қарастыру, фишинг хаттары мен күмәнді сілтемелерді анықтау бойынша интерактивті тапсырмалар;
сұрақтар мен жауаптар – әлеуметтік желілердегі, онлайн-банкингтегі және жеке құрылғылардағы қауіпсіздік мәселелері бойынша;
қорытынды және ұсыныстар – антивирустарды орнату, екі факторлы аутентификация және желідегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар.
«Цифровая безопасность в онлайн-среде» іс-шарасы сәтті өтті. Оқушылар киберқауіпсіздік бойынша білім деңгейін арттырды және интернетте қауіпсіз мінез-құлық үшін практикалық құралдарды алды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi