19.03.2026
Оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және ризашылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің тәлімгерлері мектеп парламентінің мүшелерімен бірлесіп «Жүректен шыққан алғыс» челленджін ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: оқушыларда алғыс айту сезімін, құрмет пен ізгі ниетті тәрбиелеу арқылы мектептегі әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуын қалыптастыру.
Міндеттері: шынайы ризашылық білдіру дағдыларын қалыптастыру; эмпатия мен позитивті қарым-қатынас мәдениетін дамыту; мектеп ұжымында достық қатынастарды нығайту; оқушыларды әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту; Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде көрсетілген бейбітшілік пен келісім идеяларын қолдау.
Челлендж барысында оқушыларға ата-аналарға, мұғалімдерге, сыныптастарға, мектеп техникалық персоналына және басқа да маңызды адамдарға алғыс сөздер айтылған қысқа видео хабарламалар жазу немесе жазбаша құттықтаулар дайындау ұсынылды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытты, шығармашылықпен және шынайылықпен сезімдерін жеткізді. «Жүректен шыққан алғыс» челленджі ұйымдастырылған түрде және нәтижелі өтті. Іс-шара ризашылық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғааралық қатынастарды нығайтуға және оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға ықпал етті.
Қазақстан әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнап, мейірімділік мекені болып қала берсін. Әр үйде жылулық, қуаныш және алғыс болсын.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

