"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жылы сөздер — достық пен алғыстың күші»

19.03.2026

Қазақстан – бұл біздің ортақ Отанымыз, онда әртүрлі ұлттар мен мәдениеттер өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Бізді достық, құрмет, мейірімділік және жарқын болашаққа ұмтылыс сияқты ортақ құндылықтар біріктіреді.

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің сынып жетекшілері «Жылы сөздер шеңбері» атты интеллектуалдық ойын өткізді.

Мақсаты: ойындық әдістер арқылы оқушыларда алғыс айту сезімін, ізгі ниет пен бір-біріне деген құрметті қалыптастыру.

Міндеттері: коммуникациялық дағдылар мен сөйлеу мәдениетін дамыту; төзімділік, эмпатия және ризашылық білдіру қабілетін тәрбиелеу; сынып ұжымында позитивті психологиялық климат қалыптастыру; оқушылардың логикалық ойлау және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Ойын интерактивті түрде өткізілді және бірнеше кезеңнен тұрды:

  • «Рахмет айт» разминкасы – қатысушылар шеңбер бойынша алғыс сөздері мен ізгі тілектерді атады;

  • «Ойды толықтыр» интеллектуалды тур – командаларға ізгілік пен алғыс туралы мақал-мәтелдер мен пікірлер ұсынылды;

  • «Жылы хат» шығармашылық сайыс – қатысушылар мұғалімдерге, ата-аналарға және сыныптастарына алғыс сөздері бар қысқа хаттар жазды;

  • «Жылы сөз шамы» рефлексиясы – әр қатысушы өз әсерімен бөлісті және сыныпқа жылы сөздер айтты.

«Жылы сөздер шеңбері» интеллектуалдық ойыны рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға және мектеп ұжымында позитивті эмоционалдық көңіл-күйді дамытуға ықпал етті. Рақмет айту – бұл ата-аналардың мен мұғалімдердің еңбегін бағалау, үлкендерді құрметтеу, достарға қолдау көрсету және қасыңдағы адамдарға қамқорлық жасау деген сөз. Тіпті қарапайым «рахмет» сөзі де әлемді мейірімдірек ете алады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение текст "we.sesssod.acom.esd Круг радости Тема: Тепло человеческ общения Игра <<Липучка»"

Возможно, это изображение текст "Работая парах, восстановите последовательность сюжету рассказа A Зачем ты нам нужен, такой хромой? Б в Кто-то предложил играть E снежки в я я пошел рядом ним, некоторое время мы молчали об натер курдючным салом больную Hory своего мале пациента, долго массировал. Д Старый Асылбек чистил сарай. Мы вошли дом, разделись робко хозяйка усадила нас место угостила баурсаками айраном. Ж -Красиво, a? Теперь тебе позавидуют Bce мальчишки. Humama урока Великое дело человека общение. Марк A"

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст