"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Салауатты өмір салты — болашақтың негізі»

19.03.2026

Мектептің тәрбие жұмысы жоспарын іске асыру және білім алушыларда өз денсаулығына құндылықты көзқарас қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік педагог медицина қызметкерімен бірлесіп, СӨС бағыты бойынша келесі тақырыптарда әңгімелер өткізді:
«Салауатты өмір салты — менің таңдауым»;
«Алкогольдік ішімдіктердің зияны қандай?».

Мақсаты: білім алушыларда өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту және зиянды әдеттердің алдын алу.

«Салауатты өмір салты — менің таңдауым» тақырыбындағы әңгіме барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дене белсенділігі, жеке гигиена және зиянды әдеттерден бас тартудың маңызы түсіндірілді. Әр адамның өз денсаулығын сақтау мен нығайтудағы жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

«Алкогольдік ішімдіктердің зияны қандай?» тақырыбындағы әңгіме барысында білім алушылар алкогольдің жасөспірім ағзасына зиянды әсері, оның физикалық және психикалық денсаулыққа, оқу үлгеріміне және болашақ өміріне тигізетін салдары туралы білді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді тұтынуына байланысты әлеуметтік және құқықтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.

Әңгімелер пікір алмасу және талқылау элементтерімен диалог түрінде өтті, бұл оқушылардың белсенді қатысуына, зиянды әдеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға ықпал етті.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст