19.03.2026
Алғыс айту күні – бірлік, бейбітшілік және өзара құрмет мерекесі. Бұл – біз бір-бірімізге қолдау, түсіністік пен жасаған жақсылықтары үшін «рахмет» айтатын күн.
Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің тәлімгерлері бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп, «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты тақырыптық бейнеролик дайындады. Бейнеролик оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және мектеп ұжымында бірлік атмосферасын нығайтуға бағытталған.
Қойылған мақсаттар мен міндеттер: оқушыларда алғыс айту, құрмет және Қазақстан Республикасы халықтарының бейбітшілік, келісім мен бірлік идеяларына ортақтастық сезімін қалыптастыру; Алғыс айту күнінің мәнін бірлік пен өзара құрметтің символы ретінде ашу; оқушылар арасында достық, төзімділік және мейірімділік құндылықтарын насихаттау; оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру; көпұлтты Қазақстанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу; тәлімгерлер мен оқушылардың шығармашылық бастамасын және командалық жұмысын дамытуға ықпал ету.
Бейнероликтің идеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінде негізделген құндылықтарды бейнелейді және қоғамдағы этносаралық келісімді, өзара түсіністікті және алғыс айту мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Алғыс айту күні бізге бірлік пен өзара көмектің маңыздылығын еске салады. Еліміздің тарихы – бұл сенім, қолдау және халық бірлігінің тарихы.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi



