"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру»

17.03.2026

«Қауіпсіз қоғам» жобасын жүзеге асыру аясында КММ «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» сынып жетекшілері білім алушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін және қоғамдағы жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық сағаттар өткізді.

Қойылған мақсаттар мен міндеттер: оқушылардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу, мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында білім алушылармен келесі мәселелер қарастырылды: қауіпсіз қоғам ұғымы және оны қалыптастырудағы әрбір азаматтың рөлі; жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтау; құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу; интернетте және әлеуметтік желілерде қауіпсіз мінез-құлық; кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілігі.

Іс-шара әңгімелесу, пікірталас элементтері, жағдаяттық тапсырмалар және оқушылардың сұрақтарына жауап беру түрінде өтті.

Профилактикалық сағаттың қорытындысы бойынша білім алушылар қоғам қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігінен, заңдарды сақтаудан және айналасындағыларға құрметпен қараудан басталатыны туралы қорытындыға келді.

#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА #ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение учеба, измерительный стержень и текст "3BOHOKD звоноквдверь дверь Уревокь 3: 3: Обманчивая крочьо!! Крепость Крепостьслобушкани ловушками ловуй 전전자 오루베급리리리 NA жМИ 00101 02 01 (03 01 L04 日1"

 

Просмотров: 52


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст