Текст
13.03.2026
Бүгін Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде математика, физика және информатика пәндерінің «Онкүндігінің» жабылуы өтті. Іс-шара барысында онкүндік қорытындылары шығарылды.
Бұл күндер қызықты тапсырмаларға, тартымды байқауларға және танымдық іс-шараларға толы болды. Оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын үлкен ынтамен көрсетті.
Онкүндік дәл ғылымдардың да қызықты әрі тартымды бола алатынын көрсеткен жарқын мысал болды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi


