26.02.2026
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты
«Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де
«Менің болашақ мамандығым туралы арманым» және «Өз отбасымның еңбек дәстүрлерін білу және құрметтеу» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты:
оқушыларда мамандық таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру, еңбекке және отбасылық дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеу, еңбек әлеміне қызығушылықты арттыру және кәсіби өзін-өзі айқындауға жағдай жасау.
Әңгімелер барысында балалар өз армандары мен жоспарларымен бөлісіп, кәсіби жетістікке жету үшін қажетті қасиеттерді талқылады, отбасы мүшелерінің мамандықтары мен отбасылық еңбек дәстүрлері туралы әңгімеледі.
Өткізілген іс-шаралар оқуға деген ынтаны арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және кәсіби өзін-өзі айқындауға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi