"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жауынгерлік және еңбек даңқының мектеп музейі – азаматтық-патриоттық тәрбиенің тиімді құралы»

26.02.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты
«Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де
Жауынгерлік және еңбек даңқының мектеп музейі өз жұмысын жүргізуде.

Музей жетекшісі мен мектеп вожатыйлары танымдық экскурсиялар ұйымдастырып, өткізді.

Мақсаты:
оқушыларда азаматтық-патриоттық сезімді қалыптастыру, өз елінің тарихына, Ұлы Отан соғысы қаһармандары мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне құрметпен қарауды тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың тарихи білімін кеңейту.

Экскурсия барысында оқушылар музей экспозицияларымен, архивтік материалдармен, фотосуреттермен және тарихтың ерлік пен еңбекке толы беттерін айқындайтын жәдігерлермен танысты. Экскурсиялар Отан қорғаушылардың ерлігі мен Жеңіске бейбіт тұрғындардың қосқан үлесі туралы әңгімелермен сүйемелденді.

Өткізілген іс-шаралар патриотизмді, тарихи өткенге деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге және батырлар туралы естелікті сақтауға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст