26.02.2026
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстары аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де
оқушылардың жеке шекаралары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және ықтимал қауіпті жағдайларды тани білуі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған
«Жыныстық қол сұқпаушылық» / «Бес “болмайды” ережесі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, жеке қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.
Әңгіме барысында ақпарат оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, қолжетімді түрде ұсынылды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi