26.02.2026
2026 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-де Шортанды кентіндегі №3 орта жалпы білім беретін мектеп базасында
«Балаларды тәрбиелеу – ортақ жауапкершілік» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өтті.
Аталған жиналысқа Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты
«Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің әкімшілігі, сынып жетекшілері және 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.
Мақсаты:
оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда отбасы мен білім беру ұйымының күш-жігерін біріктіру; баланың дамуы үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта құруда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Қойылған міндеттер:
– ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындыларымен таныстыру;
– жеке қауіпсіздікке төнетін заманауи қауіптер, соның ішінде сталкинг, оның белгілері, салдары және алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру;
– интернет-алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу шараларын түсіндіру, ата-аналардың балалардың қауіпті мінез-құлқын болдырмаудағы рөлін айқындау;
– оқушылардың денсаулығын сақтау мәселелерін талқылау, оның ішінде балалар инфекцияларының, АПВ-ның (ВПЧ) алдын алудағы вакцинацияның маңызы және ерте жүктіліктің алдын алу;
– оқушыларда адамгершілік қасиеттерді, адалдықты, жауапкершілікті және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнымен таныстыру;
– қорлау мен қудалаудың (буллингтің) алдын алу ережелерін қарастыру және мұндай жағдайлар анықталған кезде ата-аналардың іс-әрекет алгоритмін белгілеу;
– тәрбие, қауіпсіздік және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерінде отбасы мен мектептің бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру;
– бірлескен шешімдер мен ұсыныстар әзірлеу үшін конструктивті диалог ұйымдастыру.
Қарастырылған мәселелер:
– «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп»;
– «Сталкинг – жеке қауіпсіздікке төнетін қауіп: алдын алу және қарсы әрекет»;
– «Интернет-алаяқтықтың алдын алу және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл»;
– «Балаларды вакцинациялау – балалар инфекцияларының, АПВ-ның алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу»;
– «Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Адал азамат” – оқушыларда адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жүйелі тәрбие жұмысы»;
– «Балаларды қорлаудың (буллингтің) алдын алу ережелері туралы».
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру отбасы мен мектептің тығыз әрі жүйелі өзара іс-қимылы арқылы ғана мүмкін. Ата-аналар мен педагогтердің бірлескен, дәйекті және жауапты ұстанымы баланың тұлғалық үйлесімді дамуына қажетті қолайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi