"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Медициналық қызметкердің педикулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысы.

26.02.2026

Педикулездің алдын алу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де медициналық қызметкер тарапынан педикулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс барысында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:
– оқушыларды жоспарлы түрде тексеру;
– сыныптар бойынша бас терісін қарау.

Санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі: «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында оқушылар арасында түсіндірме әңгімелер өткізіліп, педикулездің жұғу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді.
Оқушылардың назарына оқыту бейнематериалдары ұсынылды.

Оқушылардың ата-аналарымен педикулездің алдын алу бойынша түсіндірме әңгімелер/кеңестер жүргізіледі (үй жағдайында балалардың шашын үнемі тексеріп отыру ұсынылады).

Мектептің ақпараттық бұрышында педикулездің белгілері мен алдын алу шаралары көрсетілген жадынамалар/парақшалар орналастырылған.

Сынып бөлмелерінің санитарлық жағдайына бақылау күшейтіліп, дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде оқушылар арасында педикулездің таралуының алдын алу қамтамасыз етілді. Түсіндірме және бақылау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это иллюстрация (текст)
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
 
Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст