«Ұшқыр ой алаңы / Поле мимолётной мысли» жобасын іске асыру аясында «Диспут» дебат клубының жетекшісі «Сандық құрылғылар кітаптардың орнын баса ала ма?» тақырыбында дебат өткізді.
Мақсаты: оқушыларда сыни ойлау дағдыларын, өз пікірін дәлелді түрде айту қабілетін, пікірталас мәдениетін дамыту, сондай-ақ сандық технологияларды пайдалану мен кітап оқу туралы саналы көзқарас қалыптастыру.
Дебат барысында қатысушылар «қолдаймын» және «қарсымын» позицияларын ұсынды, сандық құрылғылар мен баспа кітаптарының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Оқушылар талқылауға белсенді қатысты, қарсыластарын тыңдай білуді және әртүрлі пікірге құрметпен қарауды көрсетті.
Дебат қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру үдерісінде сандық технологиялар мен дәстүрлі кітаптарды рационалды үйлестірудің маңызды екенін атап өтті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi