"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Закладчики. Мать» әлеуметтік-профилактикалық фильмін көрсету»

18.02.2026

Оқушыларда есірткіге теріс көзқарас қалыптастыру, құқыққа қарсы әрекеттерге тартылмау, өз іс-әрекеттеріне жеке жауапкершілік сезімін дамыту, сондай-ақ отбасы мен ананың адамның өміріндегі рөлін түсіну мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Закладчики. Мать» атты әлеуметтік-профилактикалық фильм көрсетілді.

Қойылған міндеттер:

  • кәмелетке толмағандардың заңсыз есірткі айналымына тартылуын алдын алу;

  • оқушыларды «закладчик» қызметіне қатысудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы хабардар ету;

  • салауатты өмір салтына бағытталған құндылықтық бағдарларды қалыптастыру;

  • сыни ойлау дағдыларын дамыту және қауіпті ұсыныстарға «жоқ» деп айту қабілетін қалыптастыру;

  • отбасыға, анаға және жақын адамдарға құрметпен қарауды тәрбиелеу;

  • жасөспірімдер арасындағы асоциальды мінез-құлықты болдырмау.

Фильмді көргеннен кейін талқылау ұйымдастырылды.

Қорытынды: фильмді көрсету есірткі мен қылмыс мәселесінің маңызды екенін түсінуге ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение учеба, телевизор и текст

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст