18.02.2026
ЦППР жұмысы аясында және «Отбасыдағы ортақ тіл» жобасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас» тақырыптарында танымдық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралардың мақсаты — білім алушылардың цифрлық кеңістікте жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруы, жеке ақпаратты қорғау мәселелері бойынша саналы көзқарасын арттыру, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас құндылықтарын, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту.
Талқылау барысында интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану және отбасында жағымды қарым-қатынас орнату бойынша ұсынымдар берілді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi