"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шын жүректен кітап сыйла!»

18.02.2026

«Балалар кітапханасы» жұмысы аясында КММ «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебінде» Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және сыйға тарту дәстүрін дамыту. Акция барысында оқушылар, педагогтер мен ата-аналар көркем, танымдық және балалар әдебиетін жинау мен сыйлауға белсенді қатысты. Сыйға берілген кітаптар мектеп кітапханасының қорын толықтырып, оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылатын болады.

Акция оқушылардың бойында мейірімділік, жомарттық, жауапкершілік және рухани құндылықтарға құрмет сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етті. Қатысушылар кітаптың білімнің, шабыттың және рухани дамудың маңызды көзі екенін атап өтті.

Өткізілген іс-шара кітап оқуды насихаттауға және оқушылардың кітап пен кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

 
Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст