"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауған соғысы – ұрпақ жадында»

13.02.2026

«Тарихқа тағзым» / «Дань истории» жобасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсат-міндеттері:
– Ауған соғысы оқиғаларын зерделеу арқылы оқушылардың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік және тарихи өткенге құрмет сезімін қалыптастыру;
– оқушылардың Ауған соғысының тарихи оқиғалары туралы білімін кеңейту;
– интернационалист-жауынгерлерге және қаза тапқандардың рухына құрмет тәрбиелеу;
– рухани-адамгершілік құндылықтарды, борыш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ету;
– өз елінің тарихына қызығушылықты арттыру және тарихи жадыны сақтауға баулу.

Іс-шара барысында оқушыларға 1979–1989 жылдардағы оқиғалар, әскери борышын абыроймен атқарған сарбаздардың ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ бұл күннің тарихтағы маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін ардагерлерге алғыс білдірілді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

 
 
 
Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст