"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Стресс – жау ма, әлде дос па?» / «Сенімділік – табыстың кепілі»; «Мен + Сен = Біз» / «Басқалармен қарым-қатынас жасауды үйренеміз».

13.02.2026

«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасын іске асыру аясында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қалыптастыруға, стрессқа төзімділігін арттыруға, өзіне деген сенімділікті және конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар тақырыптары:
«Стресс – жау ма, әлде дос па?» / «Сенімділік – табыстың кепілі»;
«Мен + Сен = Біз» / «Басқалармен қарым-қатынас жасауды үйренеміз».

Іс-шаралар барысында білім алушылар стресс ұғымымен, оның себептерімен және адамның эмоционалдық жағдайына әсерімен танысты. Стрестік жағдайларды жеңу жолдарына, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға, позитивті ойлауды дамытуға және өзін-өзі реттеу дағдыларына ерекше көңіл бөлінді.

Қарастырылған мәселелер қатарында: тұлғааралық өзара әрекеттесу, қарым-қатынас мәдениеті, әңгімелесушіні тыңдай және ести білу, командада жұмыс істеу, өзгелердің пікірін құрметтеу болды. Іс-шаралар интерактивті форматта, топтық жұмыс (талқылау және практикалық жаттығулар) түрінде өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылық, өзіне сенімділік, толерантты қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және оқушылар ұжымындағы қолайлы психологиялық ахуалды нығайтуға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

 
Возможно, это изображение учеба и текст
 
 
Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст