"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім алушылар арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру»

10.02.2026

Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі» айлығы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Өрт қаупі бар заттар», «Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға, өрттің алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар өрт қаупі бар заттардың түрлерімен, оларды қауіпсіз пайдалану ережелерімен, сондай-ақ тұрмыста және күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігін сақтау шараларымен танысты.

Өрт туындаған жағдайда атқарылатын іс-әрекеттерге, мінез-құлық ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды. Іс-шаралар тақырыптық әңгімелер, бейнематериалдарды қарау және практикалық жағдайларды талқылау түрінде өтті.

Аталған іс-шараларды өткізу білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА #ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 91


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст