"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам: интернет желісінде жауапты мінез-құлықты қалыптастыру»

05.02.2026

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Ақмола облысы, Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің сынып жетекшілері Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне орай іс-шара өткізді. Іс-шара білім алушылардың цифрлық ортада қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара барысында оқушылар интернет желісін қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерімен танысып, цифрлық кеңістіктегі мүмкін болатын қауіптер, жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ желідегі өз әрекеттері үшін жауапкершілік туралы мағлұмат алды. Кибербуллинг, интернет-алаяқтық және желілік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шаралар әңгіме түрінде интерактивті тапсырмалармен, практикалық жағдаяттарды талқылаумен және тақырыптық бейнематериалдарды көрсетумен өтті.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және цифрлық әлемде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение учеба, телевизор и текст

Просмотров: 142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст