Текст
04.02.2026
Жолымбет кентіндегі № 697 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жолдыгазинова Г. К. Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10–11 сынып оқушыларымен «Сайлау заңнамасының беттерімен» атты викторина өткізді.
Викторина Wordwall платформасында дайындалды. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша жақсы білім деңгейін және жоғары қызығушылықтарын көрсетті.