"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыз абыройы – рухани және ұлттық құндылықтардың көрінісі»

04.02.2026

Тәрбиелік жұмыс аясында, әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп психологы «Қыз намысы – ұлт намысы» / «Честь девушки – честь нации» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қыз балаға құрметпен қарау, әйел адамның отбасындағы және қоғамдағы рөлін түсіну, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен рухани негіздерді сақтау.

Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушыларды қыз баланың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу, адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыру.

Іс-шара барысында білім алушылар адамгершілік, мінез-құлық мәдениеті, өзіне және айналасындағыларға құрметпен қарау, ар-намыс пен қадір-қасиеттің тұлғаның маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі мәні туралы ой бөлісті. Бұл өз кезегінде олардың өз әрекеттеріне саналы көзқарасын дамытуға, психологиялық мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауына ықпал етті.

#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #ҚызНамысыҰлтНамысы #ҚызАрНамысы #Психология #aqmola_metod_center

 
 
 
Просмотров: 138


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст