02.02.2026
Тәрбие жұмысы және кәсіптік бағдарлау бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі «№ 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Еңбегі адал – жас өрен. Мамандықтар әлемі / Мамандықтар марафоны. "Мамандыққа жол мектептен басталады". "Мамандық алу жолдары"» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты — білім алушыларда еңбекке құрметпен қарау, мамандықты саналы таңдау және адал еңбектің маңызын түсіндіруді қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейту, кәсіби білім алу жолдарын көрсету, өзін-өзі анықтауға мотивацияны дамыту және өмірлік жолды таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру көзделді.
Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, сұранысқа ие мамандықтарды, мектеп бітіргеннен кейінгі білім алу жолдарын, сондай-ақ кәсіби қызметте еңбекқорлық, адалдық және жауапкершіліктің мәнін талқылады. Іс-шара балаларда белсенді өмірлік ұстаным мен мамандықты болашақта саналы түрде таңдауға деген көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi