Текст
29.01.2026
Бастауыш сынып мұғалімі Тажева О.Н. Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2 «Б» сынында Zoom платформасы арқылы қашықтық форматында сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Зат есімдердің лексикалық мағынасы».
Сабақ барысында «Топик» платформасы сияқты цифрлық білім беру ресурстары қолданылып, оқушылармен интерактивті жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар зат есімдердің лексикалық мағынасын түсіну және анықтау бойынша тапсырмаларды орындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Сабақтың мақсаты мен міндеттері толықтай жүзеге асырылды.