29.01.2026
Тәрбие жұмысы аясында және «Заң және тәртіп» айлығы барысында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Нашақорлықпен күрес» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған іс-шара білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және зиянды әдеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараның мақсаты — есірткі заттарын қолданудың алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында білім алушылар есірткі заттарын қолданудың салдарымен танысып, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын талқылады. Бұл өз кезегінде зиянды әдеттерге жағымсыз көзқарас қалыптастыруға және өмірлік құндылықтарды дамытуға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi