27.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі Жолдығазинова Г.К. 2 «А» сынып оқушыларымен TOPIQ электрондық платформасы арқылы орыс тілі пәнінен «Жалқы есімдер. Жалқы есімдердің бас әріппен жазылуы» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар платформа ұсынған тапсырмаларды орындады: сөздерді жұптастыру, жазғы спорт түрлерін таңдап белгілеу, жалқы есімдерді пайдалана отырып сөйлемдер құрастыру.
Сабақта білім алушылар жалқы есімдер деп қандай сөздер аталатынын, олардың қалай жазылатынын білді. TOPIQ платформасында жұмыс істеу арқылы оқушылар оқу бағдарламасын жеңіл меңгереді, интерактивтілік арқылы пәнге деген қызығушылық артады және цифрлық дағдылары қалыптасады.