"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тату отбасы мен тату сынып – қауіпсіз орта негізі»

27.01.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебінде» мектеп вожатаясы «Тату отбасы, тату сыныптың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және әлімжеттіктің алдын алуға бағытталды.

Іс-шараның мақсаты — білім алушыларда заңды, мінез-құлық нормаларын және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті саналы түрде түсінуді қалыптастыру, өзгенің құқықтарына құрметпен қарауды және қоғамда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында келесі міндеттер жүзеге асырылды: құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз білім беру ортасын құру, заңға бағынатын мінез-құлық дағдыларын дамыту, мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын нығайту.

Іс-шара соңында «Жүрекшелер» атты рефлексия өткізілді. Онда білім алушылар отбасының олар үшін нені білдіретінін жазды. Бұл балаларға өз сезімдерін білдіруге, отбасы мен сыныптағы қолдау, өзара құрмет пен бірліктің құндылығын түсінуге көмектесті.

#ЗаңЖәнеТәртіп
#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу
#ЖасөспірімҚауіпсіздігі
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

Просмотров: 185


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст