"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заң және тәртіп: балалар көзімен»

27.01.2026

«Заң және тәртіп» айлығы аясында, әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» тәрбиешісі балалар арасында «Заң – балалар көзімен» атты сурет байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – балалардың «заң» және «тәртіп» ұғымдарын өздері түсінуін көрсетуге, құқық нормалары мен қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Бағыты: құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Байқаудың мақсаты: шығармашылық өзін-өзі білдіру арқылы балаларда «заң» және «тәртіп» ұғымдарын саналы түсінуді қалыптастыру.

Байқаудың міндеттері:
– білім алушылардың заң мен құқықтық тәртіптің қоғамдағы маңызын түсінуін кеңейту;
– адам құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға үйрету;
– балалардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
– білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен қиял ойлауын дамыту;
– балалардың заңға бағынатын мінез-құлыққа қызығушылығын арттыру;
– заң ұғымына жеке көзқарасын көрсетуге және өзін-өзі білдіруге жағдай жасау.

Байқау барысында білім алушылар шығармашылық әрекет арқылы әділеттілік, жауапкершілік, адам құқықтары мен міндеттері туралы өз түсінігін көрсетті. Бұл өз кезегінде құқықтық сана, шығармашылық ойлау және азаматтық позицияны дамытуға, сондай-ақ заңға бағынатын мінез-құлыққа тұрақты көзқарастар қалыптастыруға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение в стиле поп-арт (текст)

Просмотров: 66


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст