23.01.2026
Олимпиада — бұл тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар табандылықты, мақсатқа ұмтылуды және жетістікке деген ынтаны көрсетуге берілген мүмкіндік. Біздің оқушылар 5–6, 7–8 және 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиадалардың аудандық кезеңінде мектеп намысын лайықты қорғап, пәндер бойынша жақсы дайындық деңгейі мен терең білімдерін көрсетті.
Бүгін мектепте жүлдегерлерді марапаттауға арналған салтанатты сап түзеу өтті. Сап түзеу барысында ең ынталы әрі дарынды оқушыларға дипломдар мен грамоталар табысталып, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындаған педагогтердің еңбегі де ерекше атап өтілді.
Біз оқушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер мен үлкен мақсаттарға бастайтын сенімді қадамдар тілейміз!





