22.01.2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында, ЦППР жұмысы шеңберінде және әзірленген жоспарға сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Интернет – ережелерді білсем, менің досым» және «Қазіргі әлемдегі жасөспірім: алаңдататын белгілер және қорғаныс» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушыларда интернет желісін саналы пайдалану көзқарасын қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын дамыту, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу және цифрлық сауаттылықты арттыру; жасөспірімдердің қазіргі қоғамдағы психологиялық қауіптер туралы хабардарлығын арттыру, өзін-өзі реттеу, күйзеліске төзімділік дағдыларын қалыптастыру және дер кезінде көмекке жүгіну қабілетін дамыту.
Міндеттері: оқушыларды интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыру; интернеттегі қауіп-қатерлер (кибербуллинг, алаяқтық, зиянды контент) туралы түсінік беру; ақпаратпен жұмыс барысында сыни ойлау дағдыларын дамыту; жеке деректер мен цифрлық із үшін жауапкершілікті арттыру. Сондай-ақ жасөспірімдердің мінез-құлқы мен эмоциялық жағдайындағы алаңдататын белгілерді анықтау және талқылау; психологиялық және эмоциялық денсаулықты қорғау тәсілдері туралы түсінік беру; конструктивті қарым-қатынас және жанжалдарды шешу дағдыларын дамыту; девиантты және тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу; қолжетімді көмек пен қолдау ресурстары туралы ақпараттандыру.
Іс-шаралар аясында тақырыптық әңгімелер өткізілді, «Қауіпсіз интернет» интерактивті тапсырмалары орындалды, оқыту бейнероликтері көрсетіліп, талқыланды, жағдаяттық ойындар ұйымдастырылып, өмірлік мысалдар қарастырылды. Қазіргі қоғамдағы жасөспірім жасының ерекшеліктері; негізгі «алаңдататын белгілер» (жоғары мазасыздық, агрессия, тұйықталу, эмоциялық күйзеліс); әлеуметтік желілердің, ақпараттық ортаның және қоршаған ортаның жасөспірімдердің психоэмоциялық жағдайына әсері; қорғану тәсілдері — өзін-өзі қолдау дағдылары, құрдастар мен ересектердің қолдауы, мамандарға жүгіну жолдары талқыланды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНЖӘНЕТӘРТІПАҚМОЛА