Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік дағдыларын дамыту мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қалдықтарды табысқа айналдырайық» тақырыбындағы экологиялық сағаттар және жеке қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар қалдықтарды бөлек жинау ұғымымен танысып, тұрмыстық қалдықтардың түрлері мен оларды қайта өңдеу тәсілдері туралы білді. Сондай-ақ материалдарды қайта пайдалану табиғи ресурстарды сақтауға және экологиялық тәуекелдерді азайтуға қалай ықпал ететіні түсіндірілді. Интерактивті форматта пластик, қағаз және әйнекті қайта өңдеу мысалдары қарастырылып, қалдықтарды тұрмыста және шығармашылық қызметте қайта пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
Экологиялық сағаттар экологиялық жауапкершілік пен жеке қауіпсіздіктің өзара тығыз байланысты екенін көрсетті. Табиғатқа ұқыпты қарау және қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу — адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтауға қосылатын маңызды үлес.
Іс-шара соңында жеке қауіпсіздік сабақтары аясында әңгімелер өткізілді. Мақсаты — оқушыларда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу, өмірі мен денсаулығын сақтау. Мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік, интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану ережелері, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ экологиялық және антитеррористік қауіпсіздік негіздері қарастырылды.
Жеке қауіпсіздік сабақтары — мектептің тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, денсаулығын сақтауға бағытталған.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi