"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адалдық – қоғамның экологиялық және рухани тазалығы»

19.01.2026

«Заң және тәртіп» айлығы аясында КММ «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Серікболат Н. ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта «Адалдық пен әділдік» / «Күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады» тақырыбында адалдық сағатын өткізді. Іс-шара оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараның мақсаты:
оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, құқықтық мәдениетін және заңдылық пен әділдік қағидаттарына негізделген белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның күнделікті өмірдегі көріністері туралы білімін кеңейту;

  • сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің себептері мен салдарларымен таныстыру;

  • сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілік көзқарас қалыптастыру;

  • түрлі өмірлік жағдайларда заңды және адал әрекет ету дағдыларын дамыту;

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тану және олардың алдын алу жолдарын үйрету;

  • жауапкершілікке, құқықтық санаға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Іс-шараның өту барысы:
Адалдық сағаты барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымымен, оның түрлері мен пайда болу себептерімен, сондай-ақ қоғам мен мемлекет үшін тигізетін кері әсерімен танысты. Жеке жауапкершілік, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өмірлік жағдайларды талқылау және талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мысалдары, оған қарсы тұру жолдары, заңды мінез-құлық ережелері және тиісті органдарға жүгіну мүмкіндіктері қарастырылды.

Қорытынды:
Іс-шара оқушылардың заңдылық, адалдық және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайтуға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение текст "မနင်မမ် ЧЕСТНОСТЬ- Качество правдивого, добросовестного человека. честный человек дорожит дружбой, уважением относится к людям. он вызывает доверие и уважение eジャー n-4 окружающих. Пиы K ЖасланЖунуксов А Жунусок ါီလေ Герасииенко. анана Apryp Елкан Шахмаанова Ke.. Р Корненко Сир 1円 Даярикридеенисть F"

Возможно, это изображение текст "Дибраникраженеть Честность одно из важнейших качеств человека Честность, BOBCC HIBI 0 Честность это качество человека, которое включает себя правдивость, искренность и верность своим же словам никиец 0 Искренность это когда человек показывает то, что OH чувствует на самом деле A Kena Жи"рта Корниенко Cep... Справедливость честность и солидарность называют гражданскими граж добродетелями."

Просмотров: 96


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст